Газа күні

Kazakh Radio 6 views
Сионистік режим 2008 жылы 27 желтоқсанда Газаға басып кіріп, қарсыласуға қарсы «Балқыған қорғасын» деп аталатын операциясын іске асырып, қырып-жойды. Израильдің балаларды өлтіру режимінің басшылары 7-10 күндік қысқа мерзімде қарсыласу қозғалысын жоя алады немесе оны сионистік-американдық жоспарларға қарсы тұра алмайтындай әлсіретеді деп ойлады. Бұл соғыста сионистік режим бар күшімен және АҚШ-тың қолдауымен ХАМАС-ты толығымен жоюды көздеді, бірақ ХАМАС сионистік режимге қарсы тұру қабілетті екенін көрсетті. Сионистер 22 күннен кейін, яғни 19 қаңтарда Газа секторынан масқара болып шығуға мәжбүр болды. Осыған байланысты және ХАМАС пен Газа халқының қарсыласуын қолдау мақсатында ИИР жыл сайын 19 қаңтарды «Газа күні» деп еске алады. Газа күнінің маңыздылығы – әлемге ынтымақпен әлемдегі залымдарды жеңуге болатынын еске салуында. Газа күні, Дүниежүзілік әл-Құдс күні сияқты, Газаның мазлум халқының дауысын әлемдіктерге жеткізетін күн.

https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i58380

Add Comments