"Сани" кемесі Катарда өтетін футбол чемпионаты жанкүйерлеріне қызмет ететін болады

Kazakh Radio 0 views
Иран мен Катардың келісімі бойынша Катар-2022 футбол чемпионаты кезінде Хормозган облысының қонақ үйлері мен кемелері сияқты барлық әлеуеттері жолаушылардың ықтиярына берілетін болады, тіпті Иран мен Катар арасында кеме жүретін болады. Хормозган облысының Киш аралындағы Иранның теңіз мүмкіндіктерінің бірі – "Сани" жолаушы тасымалдайтын кемесі. Бұл кеме Катар-2022 футбол чемпионаты жанкүйерлеріне қызмет етуге дайын. "Сани" – Батыс Азия аймағындағы ең ірі жолаушы тасымалдайтын кеме. Оның ұзындығы 176 метр, ені 23 метр. Кемеде жалпы 420 орын бар. Ол 400 жолаушы мен экипаж мүшелерін тасымалдайды. Сондай-ақ, кемеде 300 адамдық мейрамхана, спортзал, компьютерлік ойындар залы, дүкен мен дамыған емхана сияқты түрлі мүмкіндіктер бар.

https://parstoday.com/kz/news/world-i61222

Add Comments