Джебели: Иран-Сирия қарым-қатынасының деңгейін кеңейту үшін БАҚ байланыстарын жақсарту қажет

Kazakh Radio 7 views
Иран Телерадио бірлестігі басшысы Джебели Теһран-Дамаск қарым-қатынасының деңгейін кеңейту үшін БАҚ байланыстарын тереңдету қажеттілігін баса айтты. Сирияға келген Пейман Джебели жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында ИИР-ның Сириямен ақпарат саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге табанды екенін қуаттады.Джебели: «ИИР мен Сирия басшыларының өзара кездесулері, әсіресе Сирия президенті Башар Асадтың Теһранға жуырдағы тарихи сапары екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты және екі елдің үкіметтері арасындағы қарым-қатынасты барынша жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берді»,- деді.

https://itolqyn.com/news/middle_east-i62084

Add Comments