Хафиз – мәңгілік тұлға

Kazakh Radio 3 views
Әлем Хафизді көрнекті тұлғалардың бірі ретінде жақсы таниды. Оның сиқырлы сөздерінің шетелдіктерге де ықпал еткені таңданыс тудырады. Көп адамдар Хафиздің өлеңдерін парсы тілінде оқып, оны жақсырақ түсіну үшін парсы тілін үйренген. Йоганн Гете (1749-1832) – неміс ақыны, жазушы, сыншы, ұлы ойшыл әрі данышпан. Ол Еуропада Хафизге ғашық болған ең көрнекті тұлғалардың бірі саналады. Гетенің Хафизді жақсы көргені соншалықты, «Шығыс жырлары» атты еңбегінде: «Бұл ғажайып тұлға менің өміріме қадам басқаннан бері жындана бастадым» деген. Ол Хафиздің мұғжиза жасайтын сөздерінің шынайы да текті сұлулығын түсіну үшін парсы тілін үйрену қиындығына көнген. Гете қайтыс болғаннан кейін оның жұмыс үстелінің үстінен бір парақ қағаз табылғаны мәлім. Қағаз бетіне парсы әліппесін жаңа үйренген баланың жазуына ұқсас жазумен Хафиздің мына екі бәйіті жазылған екен: Қирандылардан артық жер көрмедім, Ақ басыма қол созса да ғайыптан. Тілек мені өлтіреді, сенен несін жасырайын. Шыны пиала, жылы бұ

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i48615

Add Comments