Раиси: АҚШ-тың масқарасы шықты

Kazakh Radio 2 views
Иран Жоғары сотының басшысы АҚШ-та президенттік сайлаудан кейін болып жатқан оқиғаларға тоқталып: «АҚШ-тың масқарасы шықты»,-деді. Раиси бүгін АҚШ-та болып жатқан оқиғалардың олардың ұзақ уақыт бойы демократия атауымен құрған бейнесінің масқарасын шығарғанын айтып: «АҚШ-тың соңғы сайлауында әлем халықтары олардың осы күнге дейін түрлі елдерге көрсетіп келген бейнесінің шынайы емес екенін көрді. Бұл елде қордаланған мәселелер жетерлік»,-деді. Иран Жоғары сотының басшысы Иран халқының дұшпан алдында табандылық танытатынын айтып: «Иран халқының жолдауы – табанды қарсылық және экономика мен қауіпсіздік салаларында күш-қуат тудыру»,-деді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i48975

Add Comments