«Заманхан» көпірі

Kazakh Radio 1 views
«Заманхан» көпірінің ұзындығы – 4,5 метр, биіктігі – өзен бетінен 12 метр. Ол көшпелі тайпаның басшысы «Заманхан» деген кісінің қолымен Сефевилер заманында Загрос аймағы көшпенділерінің көші-қон кезінде өтуі үшін салынған. Әрине кейбіреулердің сенімінше, бұл жерде Сасанилер заманында салынған көпірдің қалдықтары болған. «Заманхан» көпірінде екі доға іспеттес есікше бар. Олар үш тас ұстынның үстіне салынған. Ортаңғы ұстын өзеннің тура ортасында орналасқан. Оның үстінде көпірдің салмағын азайту мақсатында бос есікше салынған. Көпірді одан ары беріктендіру мақсатында оны өзеннің бір бұрылысындағы жартастың үстіне салған. Көпірдің құрылысында кірпіш, алебастр, сарудж қоспасы пайдаланылған. «Заманхан» көпірі бірнеше жүз жыл уақыт өтсе де, әлі де өз айбыны мен салтанатын сақтап, Заяндеруд өзенінің толқындары мен жауын-шашыннан аман қалған.

https://parstoday.com/kz/radio/programs-i48959

Add Comments