Австралия әскерилері Ауғанстанда адам өлтірумен жаттықты

Kazakh Radio 2 views
Австралия үкіметінің мәліметтерінше, бұл елдің әскерилері 2005-2616 жылдар аралығында 39 бейбіт ауған азаматын, оның ішінде фермерлер мен әскери тұтқындарды өлтірген. Мәлімдеменің бір бөлігінде австралиялық әскерилердің ауғандық бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы кісі өлтіруге жаттыққандары туралы айтылды. Ауғанстандағы адам құқығы жөніндегі комиссия мәлімдеме шығарып, АҚШ пен Ұлыбритания сынды бірнеше басқа мемлекеттен әскери күштерінің Ауғанстанда ұқсас қылмыстарды іске асырғандарын тексеруді талап етті. Өткен жиырма жылда Ауғанстандағы көптеген елдердің әскери күштері әскери қылмыстар жасады. осыған орай Гаагадағы Халықаралық сотында Ауғанстан халқының екі миллионға жуық шағымы тіркелді.

https://parstoday.com/kz/news/world-i49024

Add Comments