Портлендте дүкендердің терезелері сындырылды

Kazakh Radio 0 views
АҚШ-тың Порленд қаласындағы наразылар сауда үйлері мен банк бөлімшелеріне шабуыл жасап, терезелерін сындырды. Таралған видеоларда дүкендердің терезелеріне «Қара нәсілділердің өмірі маңызды» деп жазылғаны байқалады. «Қара нәсілділердің өмірі маңызды» – халықаралық әлеуметтік қозғалыс. Ол АҚШ-тағы қара нәсілділер қоғамынан басталып, оларға қарсы қатігездік және нәсілшілдікпен күресу мақсатында жұмыс жасайды. Бұл қозғалыс АҚШ полициясы қолынан қара нәсілділердің қаза табуы мен сот пен полиция жүйесінде қалыптасқан нәсілшілдікке қарсы халықтық наразылықтарды жүйелі түрде ұйымдастырумен айналысады.

https://parstoday.com/kz/news/world-i49033

Add Comments