Әзірбайжан армиясы Лачин қаласына енді

Kazakh Radio 6 views
Әзірбайжан армиясы 28 жылдан кейін Лачин қаласына енді. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Қарабақ келісімі бойынша, Армения армиясының Лачиннен шығуымен тұспа-тұс Әзірбайжан армиясының бұл қалаға енгенін хабарлады. Келісім бойынша Армения басып алған Адгам, Лачин және Кельбаджарды Әзірбайжанға қайтарады, оның орнына Арменияны Қарабақпен қосатын Лачин дәлізі ашылады. Сондай-ақ Әзірбайжан мен Нахчыван арасында тасымалдау дәлізі ашу мәндеттелді. Бакудің оңтүстік-батысында 454 км жерде Қарабақта орналасқан Лачин қаласы 1992 жылдан бері Армения күштерінің бақылауында болды.

https://parstoday.com/kz/news/world-i49148

Add Comments