Оңтүстік Африкадағы екінші ірі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Kazakh Radio 2 views
Оңтүстік Африка полициясы бейсенбіде елдің екінші ірі зауыты саналатын Дурбандағы Анген мұнай өңдеу зауытында үлкен жарылыс болғанын хабарлады. Жарылыстың себебі мен осы оқиғада қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны әлі жарияланған жоқ. Кейбір ақпарат көздері жарылыстан кейінгі түтінді жұтқан алты жұмысшы ауруханаға жіберілгенін мәлімдеді.

https://parstoday.com/kz/news/world-i49185

Add Comments