Теңіз басидждерінің үшінші жаттығуы Бушеһрде өтті

Kazakh Radio 9 views
Парсы шығанағында Иран Ислам Республикасының суларына рұқсатсыз кірген АҚШ-тың 10 теңіз жаяу әскерінің тұтқындалуының бес жылдығы қарсаңында Парсы аралының жанында Иранның оңтүстігі, Бушеһр облысының аумақтық суларында теңіз басидждерінің үшінші жаттығуы өтті. IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, теңіз басидждерінің және Ислам революциясы Сақшылар корпусының Нұх пайғамбары (ғ.с.) теңіз күштері екінші аймағы сардар шәһид Солейманидің атындағы бірліктерінің үшінші жаттығуы 700 жеңіл және жартылай ауыр кеменің қатысуымен Парсы шығанағы мен Фарси аралында сәтті өтті. Фарси аралы Парсы шығанағындағы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің әскери аралы.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i49651

Add Comments