Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні

Kazakh Radio 14 views
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз. Табағы толып, жарқырап тұрған айды көрдіңіз бе... Күн өткен сайын үсті жабылып, оның жартысы ғана көрінеді. Уақыт өте келе ол өзінің әдемі бет-әлпетін көрсетпейтін болады. Алла елшісінің сүйікті қызы ай сынды. Әкесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өміріндегі ең үлкен оқиғалармен бетпе-бет келді. Халық немқұрайдылық танытып, Пайғамбардың (с.ғ.с.): «Мені басшысы санайтын кез келген адам үшін, менен кейін Әли (ғ.с.) - басшысы»,- деген сөзін ұмыттты. Алла елшісі қайтыс болған соң түндердің бірінде бірқатар адам хазірет Әлиден (ғ.с.) семсердің күшімен хазерттен жаңадан сайланған халифа үшін бият алу үшін хазіреттің үйін басып кірді. Олар үйдің есігін өртеп, зорлық-зомбылық көрсетіп, оны ашты. Есіктің артында хазірет Фатима (ғ.с.) тұрып, олардың үйге кірулерінің алдын алмақ болды. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Фатима менің бір бөлігім, оны қорлаған адам

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i49739

Add Comments