Ирактың астанасындағы екі жарылысты ДАИШ өз мойнына алды

Kazakh Radio 2 views
Кеше Бағдадтың орталығындағы базарда болған шабуылдардан 32 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды. Кешегі террорлық шабуылдардан кейін Ирак Премьер-министрі қауіпсіздік кеңесінде бірнеше қауіпсіздік қызметкерлерін жұмыстан шығарды. Ирактың басидж (халықты жұмылдыру) ұйымының басшысы да жарылыстарды айыптап: «Иракта террористік актілердің қайталануына жол бермейміз»,- деп қуаттады. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Калибаф бұл адамгершілікке жат әрекетті айыптап, Иранның терроризмге қарсы күресы саласында Иракты қолдайтынын баса айтты. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хатибзаде: «Тәкфирлік терроризм Иракты тағы да нысанаға алды және шетелдік күштердің бұл елдегі орналасуының жалғасуы үшін сылтау тудыруға талпынуда»,- деді.

https://parstoday.com/kz/news/middle_east-i49852

Add Comments