Коронавирус: Ирандағы жағдай

Kazakh Radio 1 views
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы күнге дейін елде 1 526 023 адам коронавирусқа шалдықты»,-деді. Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7760 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 784-сі ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді. Сима Садат Лари: «Өткен 24 сағатта 83 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 59028 адамға жетті»,-деді. Осы күнге дейін әлемде шамамен 110 млн адам індетке шалдығып, соның салдарынан 2 412 000 адам қаза тапты.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i50456

Add Comments