Иранда жергілікті мамандармен жобаланған және экспортқа шығарылатын жаңа тракторлар шығарылады

Kazakh Radio 2 views
Иран экономикасы мен өнеркәсібі үшін маңызды жетістік болып табылатын Табриз трактор өндірісі зауытында жергілікті мамандармен жобаланған жаңа тракторларының өндірісі басталды. Iran Press жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, WD4120 тракторы 120 ат күшіне ие турбо зарядталған алты цилиндрлі қозғалтқышпен және басқа тракторлардан жаңартылған электр-гидравликалық дифференциалды құлыппен жабдықталған. WD455 тракторы 55 ат күшіне ие 3 цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған және гидравликалық қуаты бар, оны фермалар мен бақтарда пайдалануға болады. Әртүрлі тракторларды, фургондар мен құралдарды шығаратын Табриз трактор өндірісі компаниясы жыл сайын 20000 трактор, 30000 дизельдік қозғалтқыш, 33000 тонна соғу бөлшектері мен 54000 тонна құю бөлшектерін шығарады. Санкцияларға қарамастан, Табриз трактор зауыты өткен 9 айда 500 миллиард туманға 1800 тракторды әртүрлі елдерге экспорттай алды.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i50464

Add Comments