Ислам революциясы жетекшісі Иранның ядролық тақырыбына қатысты ұстанымынан артқа шегінбейтінін қуаттады

Kazakh Radio 12 views
«ИИР басқа жағдайлардағыдай ядролық мәселеде де артқа шегінбейді және елдің бүгінгі және ертеңгі мүддесі мен қажеттілігіне қарай күшін салып алға басады». Ислам революциясы жетекшісі кеше, дүйсенбі күні Эксперттер кеңесінің төрағасы және халық сайлаған мүшелерімен кездесуінде АҚШ пен еуропалық үш мемлекеттің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартауына қатысты ұстанымын үстемшіл, талапшы және әділетсіз деп атап: «Бұл ұстанымның нәтижесі Иран халқының оларға деген жеккөрінішін артқаннан басқа еш нәрсеге жеткізбейді. Сонымен бірге, Ислам республикасы ядролық қару мәселесінде өзінің ұтымды ұстанымынан қайтпайды және елдің мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес қажет болған жағдайда уранды байыту деңгейін 60 пайызға жеткізеді»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: "Ядролық қару тақырыбы – сылтау. Олар біздің тіпті әдеттегі қаруға қол жеткізуімізге қарсы, өйткені Ираннан күш-қуатты болғанын қаламайды. Ислам республикасына ядролық

https://parstoday.com/kz/news/iran-i50608

Add Comments