Эйюб үңгірі – Иранның ең ірі магмалық үңгірі

Kazakh Radio 3 views
Эйюб үңгірі – Бабак қаласының көрнекті жерлерінің бірі. Иранның Керман облысындағы Эйюб тауында орналасқан осы магмалық үңгірдің ерекшелігі – оның кіреберісінің үлкен болуы. Кіреберістің ұзындығы 60 метр, биіктігі 80 метр. Үңгір жанартаудағы лавадан қалыптасқан. Бұл маңда физикалық тұрғыдан мықты адамның аяқ ізі сақталған шұңқыр бар. Жергілікті халық оны хазірет Эйюбке тиесілі деп санайды.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i50844

Add Comments