Ислам революциясы жетекшісінің Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған баяндамасы

Kazakh Radio 8 views
Палестина – ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі. Ислам революциясы жетекшісінің Дүниежүзілік Құдс күніне орай жасаған баяндамасы 17/02/1400 – 07/05/2021 Алланың атымен бастаймыз! Палестина – ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі. Палестина оқиғасы әлі күнге дейін ислам үмбетінің ең маңызды әрі өзекті мәселесі болып отыр. Зұлым капиталистік жүйенің саясаттары бір халықты үйінен, өз отанынан, ата-бабасының жерінен айырды. Ол жерге лаңкес режим мен бөгде жұрт қоныстандырылды. Сионистік режимді құрудағы қисын Сионистік режимді құрудағы қисыннан әлсіз әрі негізсіз не бар? Өздерінің айтуы бойынша еуропалықтар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлерге зұлымдық жасаған. Сонда Батыс Азиядағы бір халықты босытып, қырып-жою арқылы еврейлердің кегін қайтару керек пе?! Батыс елдері үкіметтерінің сионистік режимге қалтқысыз қолдау көрсетіп отырғандағы қисыны – осы. Олар осылайша адам құқығы мен демократияға қатысты өздерінің жалған уәждерін бүркемелеп к

https://parstoday.com/kz/news/world-i52382

Add Comments