Ораза айт – Алланың сыйы таратылатын мереке

Kazakh Radio 19 views
Әлемнің түкпір түкпіріндегі барша мұсылмандар Ораза айт күні шаттыққа бөленіп, Аллаға құлшылық жолын абыроймен өткені үшін қайта тірілу әнін шырқайды. Бір айлық ғибадат пен құлшылықтан кейін Ораза айт та келіп жетті. Бұл айт Күн сияқты мүміндердің жүректеріне әдемі таң шапағын сыйлайды. Ораза ұстаған мүміндер Рамазан айында жүректерін Құран оқып нығайтып, Қадір түндерінде дұға оқып жылап, тәубеге келуге мұрсат алып, енді Ораза айтты қарсы алуға барады. Осы күні ғұсыл алып, хош иіс аңқыған таза киім киіп, көшелерді әрлеп, гүл мен шәрбат тарату арқылы әлемнің барша мұсылмандары шаттыққа бөленіп, Аллаға құлшылық жолын абыроймен өткені үшін қайта тірілу жырын жырлайды. Фетр (Ораза) әуезі ойнап тұр, періштелер лек-легімен аспаннан жерге түсіп, Алланың рақымы мен кешірімі жайлы ізгі хабарды мүміндерге сүйіншілейді. .....................................................................................................................................................................

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i52510

Add Comments