Қазақстанда «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты онлайн көрме өтті

Kazakh Radio 3 views
Қазақстанның Ұлттық мұражайы Иран Ислам республикасының Елшілігі және Мәдени өкілдігімен әріптесе отырып, 2021 жылы 2 қыркүйекте «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты онлайн көрме өткізді. Иран Ислам республикасының Қазақстандағы мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин мырзаның айтуынша, көрменің мақсаты Иран мәдениеті мен өркениетін қазақ халқына көбірек таныстыру болды. Көрме Facebook, Instagram және YouTube сияқты әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілді. Өйткені қазір оқырмандар қажетті ақпаратты осы платформалардан алады.

https://parstoday.com/kz/news/kazakhstan-i55258

Add Comments