Түркияда дауыл ғимаратты қиратты

Kazakh Radio 7 views
Түркиядағы дауыл елдің әртүрлі аймақтарына шығын әкелді. Стамбұл әкімшілігі мәлімдеме жасап, дауылдың Снеллер, Билик До, Сарыер, Бешикташ және Ускюдар аудандарда ауыр зардап әкеліп, кемінде төрт адамның, соның ішінде бір шетел азаматының қаза тапқанын және 19 адамның жараланғанын хабарлады. Метеорология агенттігі Стамбұлдағы дауылдың жылдамдығын сағатына 130 шақырымнан астам деп жариялады. Қатты дауылдың салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, ағаштар сынып, көліктердің үстіне құлады.

https://parstoday.com/kz/news/world-i57074

Add Comments