Куһранг маңында ұшқышсыз ұшақ құлады

Kazakh Radio 0 views
Иранның Чаһармаһал мен Бахтияри облысындағы Куһранг ауданының Мейһе ауылында бір ұшқышсыз ұшақ құлады. Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауыл тұрғындары Куһранг ауданында бір ұшқышсыз ұшақтың құлағанын көрді. Таралған видео бойынша, бір тікұшақ құлаған ұшқышсыз ұшақты көтеріп əкетті. Расталған мағлұматтар бойынша, алдымен тікұшақ құлаған ұшқышсыз ұшақты таудан төмен түсірген, содан соң жүк көлігі оны оқиға орнынан алып кеткен. Суреттердегі ұшқышсыз ұшақ "Симорғ" ирандық дроны мен RQ-170 америкалық дронға ұқсайды.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i57222

Add Comments