Йемендік күштер Риядқа зымырандық шабуыл жасады

Kazakh Radio 3 views
Ақпарат көздер дүйсенбіде Йемен күштерінің Сауд Арабиясының астанасына зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарлады. IRNA-ның «Әл-Маядинге» сілтеме жасап хабарлауынша, Сауд коалициясы Рияд үстінде баллистикалық зымыранды ұстап, жойып жібергенін мәлімдеді. Йемен билігі әлі Сауд коалициясының мәлімдемелеріне қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Зымырандық шабуыл Сауд Арабиясының коалициясы бірнеше сағат бұрын Мариб облысын 47 рет бомбалағанын жариялаған кезде жасалды.

https://parstoday.com/kz/news/middle_east-i57266

Add Comments